Фото: gov.kz
Серік Сәпиевтің айтуынша, облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған орынбасары Дәурен Есімханов та қатысқан. Ол осы әрекетті тоқтатқаннан кейін, салдары жанжалға ұласқанын айтты.
«Бұл жеке немесе тұрмыстық жанжал емес. Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды», деді Серік Сәпиев.
Қарағанды облыстық спорт басқармасының басшысы бұған дейін де оқиғаға қатысты пікір білдіріп, әдеп нормаларын сақтап, арандатушылыққа ермейтінін жеткізген.
Айта кетейік, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Сәпиев пен Есімханов арасындағы жанжалға құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.