«Компания электр энергиясын тарату жүйесінің қауіпсіз іске қосылғанын және шикі мұнайдың бастапқы өндіру жұмыстарының қайта басталғанын растайды.
«Теңізшевройл» мүмкіндікке қарай өндіріс көлемін кезең-кезеңімен арттыруға кірісті. Компания қауіпсіз әрі сенімді өндірісті қамтамасыз ету қағидаттарына адал болып қала береді. Бұдан өзге өндірістік қызметінің егжей-тегжейлеріне түсініктеме бермейді», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, энергия жүйесіндегі іркіліске байланысты Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіруді тоқтатуға тура келген болатын. 18 қаңтарда Атырау облысында екі трансформатордан өрт шықты.
Мұнай өндірісі тоқтап тұр: Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында тексеру жүргізіп жатыр
Сол уақытта техникалық қызметтер апаттың себептерін анықтауға және оның салдарын жоюға кірісті. Компания оқиға салдарынан ешкімнің зардап шекпегенін атап өтті.