Білім • Кеше

Қаңтардағы ҰБТ: 65 талапкердің нәтижесі жойылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар айындағы ҰБТ басталғалы бері 90 мыңға жуық түлек тест тапсырды. Екі аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 65%-ы шекті балды жинаған, деп жазады Egemen.kz.

Қаңтардағы ҰБТ: 65 талапкердің нәтижесі жойылды

Фото: gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің 72%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде және 71 адам ағылшын тілінде тапсырған.

Бес пән бойынша орташа көрсеткіш 61 балды құрап, ең жоғары нәтиже ретінде 138 балл тіркелген.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 260 талапкер қатысқан.

Талапкерлер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Техникалық себептер бойынша апелляция тестілеу кезінде қабылданады. Тест нәтижесі белгіленген сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.

«ҰБТ өтіп жатқан екі аптада 173 ереже бұзушылық анықталды. 108 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 65 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ», делінген министрлік таратқан хабарламада. 

Қаңтар айындағы ҰБТ-дан қанша талапкер шеттетілді?

Айта кетейік, ҰБТ аяқталғаннан кейін осы жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Жалпы қаңтарда өтетін ҰБТ-ны тапсыруға 187 мың адам өтініш берген.

Соңғы жаңалықтар