Жеке кәсіпкер айдың-күннің аманында басы дауға қалып, шынтағын тістеп отыр. 2025 жылы өңір тұрғыны интернет-дүкен арқылы квадроцикл сатып алмақ болыпты. Екі жақ 680 мың теңгеге келіскен. Қаржы аударылғаннан кейін сатушымен арадағы байланыс үзілген. Бұл іс алаяқтардың шаруасы екендігін ұққан жәбірленуші полицияға жүгінген.
Алматыда алаяқтыққа қатысы бар 17,6 мың интернет-ресурс бұғатталды
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері банк есепшотының иесін тапты. Қаражат осы есепшотқа аударылған. Ол Астана қаласының тұрғыны, азық-түлік дүкенінің иесі екен. Айтуынша, оқиға былай өрбіген екен. Бірде бейтаныс ер адам келіп, аздаған сыйақыға банктегі есепшоты арқылы ақша аударылымын жасатып, түскен қаражатты алып беруін өтінген. Ойында ештеңе жоқ әлгі жеке кәсіпкер келіскен.
Тегін кітаптар қауіпті: Бас прокуратура интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Есепшотқа ақша түскеннен кейін қолма-қол ақшаға айналдырып, өтініш айтқан белгісіз адамның қолына ұстатқан. Екі арада өзінің басы қып-қызыл дауға қалып, қынжылып отыр.
Ақмола облысында 7,3 млн теңгенің жерін алаяқтықпен сатқан экс-директор сотталды