Фото: qazaqgeography.kz
Елік, бұғы, маралдар қасат қарды бұзып, ондаған шақырым жол жүріп, арнайы орындардағы тұзды жалауға келеді. Мұндай қамқорлық «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жасалып отыр. Парк қызметкерлері туристерге мұндай аңдарды азықтандыру орындарына тым жақындап, аң-құсты үркітпеуін өтініп отыр.
Катонқарағай табиғи паркінде сирек кездесетін құс фототұзаққа түсіп қалды
Қазір «Бурабай» паркінде 125 жем-шөп орындары мен 122 тұз салынған ыдыстар бар. Әсіресе, тұз қойылған ыдыстарға бұғы, қабан, елік үйір.
«Табиғи ортада тұзды жерлер сирек кездеседі. Біздің өлкеде тұзды көлдер аз ғой. Ал, дала жануарлары үшін тұз маңызды қорек. Әсіресе, шөпқоректілер тұзға жерік. Аң-құсымыз аман болуы үшін туристерге тұз салынған ыдыстарға басқа қорек салмауын өтінеміз», дейді парк қызметкері Юрий Зеленский.
Мұндай талап аң-құстың амандығы үшін жасалып отыр.
Ақмола облысы