Үкімет • 27 Қаңтар, 2026

Елімізде туризмге салынған инвестиция көлемі 1,2 трлн теңгеден асты

25 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс қорытындылары мен жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде туризмге салынған инвестиция көлемі 1,2 трлн теңгеден асты

Оның айтуынша, негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсуі байқалып отыр. Мәселен, орналастыруға арналған орындарда туристер саны 12%-ға артып, 10 млн адамнан асқан. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 66-дан 52-орынға көтеріліп, өз позициясын жақсартты. Алдағы уақытта топ-50 елге кіру мақсаты қойылды.

Туризм және спорт министрлігі: Балалар спортын қаржыландыру екі есеге жуық артады

«Капиталды тарту бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. 2025 жылдың қорытындысымен салаға тартылған инвестициялар көлемі 32%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады. Жүзеге асыру сатысында тұрған Hilton, Mandarin Oriental кешендерінің, «Ой-Қарағай» курортының және Keruen Inn желісінің құрылысын қоса алғанда, сала бойынша 328 жоба бар. Бұл 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», деді министр.

2026 жылы қайда барамыз? Туризм министрлігі мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесін жариялады

 

Соңғы жаңалықтар

Астана қаласының прокуроры ауысты

Тағайындау • Бүгін, 11:35