Облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековтің айтуынша, өткен жылы өңірде 14 білім беру нысаны пайдалануға берілген. Оның оны - мектеп. Нәтижесінде өңірдегі үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешілді.
Елімізде үш ауысымды мектептер саны 4 есе азайды
«Бой көтерген білім ордаларының 4-уі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Қалған 4 нысан қолданыстағы мектептерге жапсарлас ғимарат ретінде бой көтерді. Нәтижесінде 1 апатты, 1 үш ауысымды, 5 оқушы тапшылығы бар, 6 тозығы жеткен және асханасы жоқ 1 мектептің мәселесі оңынан шешілді», дейді басқарма басшысы.
Келер жылы Ертіс-Баян өңірінде үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі
Н. Оршыбековтің айтуынша, осы жылы 12 білім беру нысаны пайдалануға беріледі. Нәтижесінде оқушы тапшылығы бар 2 мектептің, тозығы жеткен 4 мектептің және асханасы мен спорт залы жоқ 6 білім ордасының мәселесі шешіледі.