Шахмат • Кеше

Бибісара – бесінші орында

13 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматшы Бибісара Асау­баева Нидерланд­тың Вейк-ан-Зее қаласында өтіп жатқан аса ірі ха­лық­­аралық турнирдің ал­тын­­шы турында жеңіліс тап­­­са, жетіншісін тең ойнап, сегі­зіншісінде жеңіске жетті.

Бибісара – бесінші орында

Осыған дейін азулы америкалық ойыншы Энди Вудфорды ұтып, одан кейін әзербайжан­дық Айдын Сулейманлы, арген­­тиналық Фаустино Ора, испа­ния­лық Даниил Юффа, украиналық Василий Иванчукпен тең ой­на­ған Бибісара келесі турда фран­циялық Марк-Андриа Мау­риц­цимен кездесті. Жастар ара­сын­да әлем чемпионы деген ата­ғы бар 18 жастағы шахматшыға Асаубаеваның әлі жетпеді. Қара фигуралармен ойнаған ол пар­тияның орта тұсында қателік жі­берді. Маурицци оны ұтымды пайдаланып, 42-жүрістен кейін жеңіске жетті.

Содан соң Бибісараның жо­лы Велимир Иличпен қиыс­ты. Сер­бия­лық шебер осы «Чел­ленж­дер» са­натындағы турнирдегі рей­тин­гі ең жоғары ойыншы. Оның 2 638 ұпайы бар. Б.Асаубаеваның жиған ұпай қоры – 2497. Бибісара Илич­пен тең ойнады. Кеше ол жасы 40-тан асқан аса тәжірибелі нидерланд­тық Эрвин л’Амимен кездесті. Қара тас­тармен ойнағанына қарамастан Бибісара басымдық танытып, таза жеңіске жетті. Осы табысынан кейін қазақ шахматшысы сегізінші орыннан қайта бесінші сатыға көтеріл­ді. Асаубаеваның қоржынында ­4,5 ұпай бар. Алдыңғы орындарда Марк-Андриа Маурицци (6,5), Энди Вудфорд (6,5), Айдын Сулейманлы (6), Василий Иванчук (4,5) сынды гроссмейстерлер тұр.

 

Соңғы жаңалықтар

Жетісуда мал саны өскен

Жануарлар • Бүгін, 19:50