Қоғам • Кеше

«Ақ жол арулары» әйелдер қанаты құрылды

7 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Ақ жол» демократиялық партиясында әйелдер қанаты құрылды. «Ақ жол арулары» алғашқы республикалық форумында олардың әйелдер мен балалар құқығын қорғау, отбасылық кәсіпкерлікті дамыту, жалпы әлеуметтік салаларды дамытуға күш салатынын айтты.

«Ақ жол арулары» әйелдер қанаты құрылды

Сурет: baq.kz/

Форумда елдің әр өңірінен келген «Ақ жол» партиясының 200-ге жуық көшбасшы әйелі бірігіп, еліміздің қазіргі саясаты мен экономикадағы рөлін тал­қы­­лады. Сондай-ақ олар әйелдер кә­сіп­­керлігін қолдау стратегияларын әзірлеп, әйелдердің қоғам­дық-саяси өмірге кеңінен қатысаты­­нын айтты. Форум аясында пар­­тия­ның Ұлттық кеңесінің оты­ры­сы да өтті. Онда Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларға шолу жасалып, онда айтылған мәселелердің шешімін табуға «Ақ жолдың» әйелдер қауымы белсене кіріспек.

Қазір партия құрамының 40 пайы­зын әйелдер құрайды. «Ақ жол арулары» Әйелдер қанаты­ның төрайымы, Парламент Мәжі­лі­сі­нің вице-спикері Дания Еспаева­ның айтуынша, «Ақ жол ару­лары» форумы әйелдерді сая­сат­қа тартып, қоғамдық, эконо­ми­к­а­лық тұрғыда белсенді болуға шақы­­ратын алаң. Онда әйел көш­бас­­ш­ы­­лығына үлкен қолдау көрсетіледі.

«Ақ жол» демократиялық пар­тия­сы­ның әйелдер қанаты форумын маңызды саяси қадам ретінде қарастыру керек. Ол формал­ды түрдегі құрылым немесе имидж­дік жоба емес, бұл – әйелге деген партия көзқарасын білдіреді. Әйелдер қанаты да бұл – партиямыздағы әйелдердің Парламентпен тіке­лей диалог орнату арнасы, өңірлер­ден келіп түсетін және күнделік­ті өмірдегі бастамаларды қалып­тастыру тетігі», деді Д.Еспаева.

Партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев партия­дағы әйелдердің үлесі жоғары еке­нін айтып: «Қаншама мықты, білім­ді, тәжірибелі ер жігіттер болса, қыз­дарымыз одан кем емес. Олар­дың ортақ ісімізге қосқан үлесі ерекше», деп атап өтті А.Перуашев. 

Соңғы жаңалықтар

Жетісуда мал саны өскен

Жануарлар • Бүгін, 19:50