Фото: polisia.kz
Роботтандырылған патрульдік кешендегі нақты уақыт режиміндегі бейнебақылау құрылғысы полицияның жедел басқару орталығымен біріктірілген.
Бұл технология қоғамдық ахуалды бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында пайдаланылады.
«Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес және ішкі істер органдарын кезең-кезеңімен цифрлық трансформациялау аясында жүзеге асырылып жатыр», делінген министрлік хабарламасында.
Бұған дейін елордалық оқушылар үш күнде ерекше робот құрастырып шығарғанын хабарлағанбыз.