Туризм • 28 Қаңтар, 2026

Қытай телеарнасында Димаш Құдайбергеннің жаңа халықаралық жобасы таныстырылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 ақпанда Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасында халықаралық музыкалық Voice Beyond Horizon жобасының ресми премьерасы өтеді. Бағдарламаның толық түсірілімі Қазақстанның туристік локацияларында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай телеарнасында Димаш Құдайбергеннің жаңа халықаралық жобасы таныстырылады

Жоба Димаш Құдайбергеннің бастамасымен қолға алынып, Hunan Broadcasting System медиахолдингімен бірге жүзеге асырылды. Voice Beyond Horizon әртүрлі елдердің өнерпаздарын біріктірумен қатар Қазақстанның табиғи әралуандығын және туристік әлеуетін миллиондаған көрерменге таныстырады. Түсірілімдер Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Ақмола облыстарында және Астана, Алматы қалаларында өтті.

Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянында Қазақстанның сұлулығын паш етті

Жобаға Қазақстанның, Қытайдың, Қырғызстанның, Италияның, Малайзияның, Сербияның орындаушылары қатысады. Өткен жылдың қыркүйек айында олар Қазақстан өңірлерін аралап, 7 мың шақырымнан астам жол жүріп өтті. Жоба бағыты көне Түркістанды, Бозжыраның ерекше көріністерін және Каспий теңізі жағалауын, табиғи інжу-маржанға айналған Қайыңды мен Көбейтұз көлдерін, туристік Саты ауылын, Қапшағай су қоймасын, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын қамтыды.

лш

Димаш Құдайберген Қазақстанның көрікті жерлерінде бейнебаян түсіріп жатыр

«Voice Beyond Horizon» жобасының ресми көрсетілімі Қытайда аудиториясы 1,9 миллиардтан асатын Hunan TV телеарнасы мен Mango TV цифрлық платформасында, Қазақстанда «Qazaqstan» ұлттық арнасында өтеді.

Жобаға «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат министрліктері, Астана, Алматы қалаларының және Алматы, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері ұйымдастырушылық қолдау көрсетіп, демеушілер ретінде «Qarmet», «Қазақмыс», «Алтын Алмас» компаниялары мен Нұрлан Смағұлов қоры да атсалысты.

«Voice Beyond Horizon»: Димаш Құдайберген продюсерлік еткен жобасын таныстырды

Соңғы жаңалықтар