Жекелеген сайыста 19 жастағы қарағандылық дарынды ойыншы қатарынан бес бәсекеде басымдық танытып, жартылай финалға дейін жетті. Бұл межеде оны командалық есепте жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, үндістандық Абхинандх Прадхивадхи күтіп тұрды. Өкінішке қарай, бұл бәсекеде Алан қарсыласына 0:3 (7:11, 11:13, 9:11) есебімен есе жіберіп, қола медальды иеленді.
Одан кейін қандасымыз литвалық Игнас Сисановаспен бірге жұптық сайыста сынға түсті. Бұл ретте де олар өздерін жақсы қырларынан көрсетіп, үшінші орынға табан тіреді. Сөйтіп, А.Құрманғалиев Парсы шығанағынан елге қос қола жүлдемен оралды.