Қоғам • Бүгін, 10:34

Пойыз билеттеріне 25% жеңілдік: Қай бағыттар қамтылған?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттерінің бағасына жеңілдік жасалатынын хабарлады. Компания мәліметінше, аталған жеңілдік тек аптаның белгілі бір күндерінде жөнелтілетін пойыз бағыттарында қолданылады, деп жазады Egemen.kz.

Пойыз билеттеріне 25% жеңілдік: Қай бағыттар қамтылған?

Фото: ҚТЖ

ҚТЖ хабарлауынша, жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жөнелтілетін мына бағыттағы пойыздарға қолданылады:

№11/12 «Алматы – Шымкент» бағытындағы «Тальго» пойызы
• Жеңілдік түрі: Турист «2Д» орындарына
• Жеңілдік мөлшері –25%.

Елімізде пойыз жолаушыларына қандай талаптар қойылмақ?

№65/66 «Астана – Қызылорда» бағытындағы «Тальго» пойызы
• Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға
• Жеңілдік мөлшері – 25%.

№105/106 «Алматы – Петропавл» бағытындағы «Тальго» пойызы
• Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға
• Жеңілдік мөлшері – 25%

«Zhibek Zholy» туристік пойызы: Билет бағасы қанша, бағыты қандай?

Жеңілдікпен ұсынылып отырған билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ теміржол вокзалдарындағы билет кассаларынан алуға болады. Сондай-ақ аталған билеттерді алу кезінде жол жүру құжаттарын рәсімдеудің бекітілген талаптары сақталуы тиіс.

Айта кетейік, әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынай алады.

Соңғы жаңалықтар