Фото: Видеодан алынған кадр
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобының мәліметінше, 1966 жылғы ер адам 9 қаңтарда Көкарна шағын ауданындағы жеке үйден шығып кеткен. Оны іздестіру жұмысы Жайық өзенінің жағалауында жүргізілген. Ал су асты дронмен тексерілген.
Алматы облысында өткен жылы жоғалған студент әлі табылмады
«Су айдынының түбін тексеруде қиындық тудырған бірнеше жайт бар. Бұл – қолайсыз жағдай, су асты ағысы, көріну деңгейінің төмендігі. Гидрологиялық жағдайдың күрделілігі іздеу жұмысына кедергі келтірді. Құтқарушылар бүгін, 28 қаңтарда жоғалған адамның мүрдесін жеке заттары табылған орыннан 100 метрге жуық қашықтықта Жайық өзенінен 2 метр тереңдіктен тапты», деп хабарлады департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы.
Іздеу жұмысына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, №5546 әскери бөлімінің сарбаздары мен еріктілерден 25 адам қатысты. Сондай-ақ, 9 техника, 1 жүзу құралы, 2 кинологиялық есептоп, 1 суасты дроны, ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды.
Атырауда жоғалған отбасы мүшелерінің телефоны соңғы рет Шымкенттен сигнал берген