Логистика • Кеше

Үнді мұхитына жол: Қазақстан Ауғанстан арқылы теміржол салмақ

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміз оңтүстік бағыттағы логистикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Ауғанстан аумағы арқылы теміржол салуды жоспарлап отыр. Жоба жүзеге асса, ел Үнді мұхитына тікелей шығатын ең қысқа маршрутқа қол жеткізіп, Пәкістан порттарына жол ашады, деп жазады Egemen.kz.

Үнді мұхитына жол: Қазақстан Ауғанстан арқылы теміржол салмақ

Жоспарға сәйкес, «Тургунди – Герат – Кандагар – Спин-Болдак» бағыты бойынша теміржол желісін салуға дейінгі инвестиция көлемі 500 млн долларға бағаланып отыр. Бұл бағыт Қазақстан үшін солтүстік және Каспий маңы дәліздеріне балама ұсынып, дәстүрлі транзит жолдарына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Қытайға теміржол экспорты 11%-ға өсті

Жоба болашақта Орталық Азия мен Оңтүстік Азияны жалғайтын трансұлттық көлік дәлізінің негізгі буыны ретінде қарастырылып отыр. Сарапшылардың пікірінше, мұндай бағыт аймақтық сауда көлемін арттырып, жүк тасымалының географиясын әртараптандыруға жол ашады.

Теміржолды цифрландыру жұмыс сапасын жақсартады

Көлік вице-министрі Жәнибек Тайжанов жобаның жоспарлы түрде іске асырылып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ақпан айында Қазақстан, Ауғанстан және Біріккен Араб Әмірліктері арасында үшжақты меморандумға қол қою көзделіп отыр. Сонымен бірге маршрутты қолдаған Пәкістан тарапымен жеке құжат бекіту жоспарланған.

2029 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым теміржол желісі жөнделеді

Ресми дерекке қарағанда, бұл бастама Қазақстанның көлік-логистикалық стратегиясында маңызды орын алады. Ел үшін Үнді мұхиты бағытына шығу жаңа нарықтарға жол ашып қана қоймай, өңірлік транзиттегі рөлін күшейтуге ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар