Оқиға • 29 Қаңтар, 2026

«OrdaMed» басшысына іздеу жарияланды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «OrdaMed» АҚ басқарма төрағасы Еркін Ділімбетовке халықаралық іздеу жариялады. Іс 28 қаңтарда тіркеліп, жедел-іздестіру шараларын ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«OrdaMed» басшысына іздеу жарияланды

Фото:

Бұған дейін ҰҚК медициналық бұйымдарды заңсыз импорттауға қатысты схеманы анықтаған еді.

Тергеу деректеріне сәйкес, «OrdaMed» басшылығы Қазақстанда өз өндірісі бар екенін растайтын жалған құжаттарды пайдаланған. Соның негізінде компания мемлекеттік медициналық мекемелерге жабдықтарды жеңілдетілген шарттармен жеткізуге заңсыз артықшылықтар алған.

Шын мәнінде аталған медициналық жабдық толықтай шетелден жеткізілгені белгілі болды. Мәлімдемеге жауап ретінде «OrdaMed» АҚ-ның негізін қалаушы әрі басшысы Еркін Ділімбетов ресми түсініктеме берген болатын.

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Мемлекетшіл жұмыс жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:55

Елді еңселендіретін қадам

Пікір • Бүгін, 08:50

Жасампаздық бастауы

Пікір • Бүгін, 08:38

Қоғам өміріндегі өзгеріс

Пікір • Бүгін, 08:33

Дәтке қуат жасанды бүйрек

Медицина • Бүгін, 08:30