Фото: Ашық дереккөз
Оның айтуынша, Конституциялық комиссия жұмысы аясында тарихи қателіктерді түзетуге мүмкіндік бар. Депутат қолданыстағы Конституция мәтінінде референдум «республикалық» деп аталып жүргенін еске салды.
Ата заң реформасы ауқымды өзгерісті қамтиды
«Алайда, өздеріңіз білетіндей, референдум тек аса маңызды мәселелер бойынша ғана өткізілуі тиіс. Сондықтан оның атауы кез келген түрде өзгертіле бермеуі керек, ал өткізілуі халықтың бірлігіне сай болуы қажет. Осыған байланысты «республикалық референдум» атауын «халықтық», «ұлттық» немесе «жалпыхалықтық референдум» деп өзгерту ұсынылады», деді Мұрат Әбенов.
Бұған дейін Ата заңның қай баптары қайта қаралатынын жазған едік.