Мәди Мырзағараев ұсынылып отырған барлық өзгерістер қоғамның өзекті сұраныстарына және уақыт талаптарына толық сай келетінін атап өтті.
«Соңғы екі күн бойы біз ұсынылып отырған өзгерістерді жан-жақты әрі мұқият талқыладық. Кеше жобаның алдын ала нұсқасы таныстырылды. Мен осы түзетулердің барлығын терең зерделеп шықтым. Олардың қатарында Конституцияның мазмұндық тұжырымдамасын өзгертуге бағытталған өзге де маңызды жаңашылдықтар аз емес», деп атап өтті ол.
Оның айтуынша Конституциялық комиссия шеңберінде жаңа Конституция қабылдау мәселесін қарастыру өте орынды.
«Қорытындылай келе, бұл өзгерістер бойынша соңғы шешімді Қазақстан халқы қабылдайтынын тағы бір мәрте атап өткім келеді. Олардың тағдырын референдум айқындайды. Бүгінгі біздің міндетіміз – қоғамға түсінікті әрі адамға бағдарланған конституциялық шешімдерді ұсыну. Ал одан арғысы халықтың қолында», деп түйіндеді ол.
Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі