Аймақтар • Бүгін, 07:55

Әлеуметтік нысан ашылды

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен салынған нысан «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесінің аумағында бой көтерді.

Әлеуметтік нысан ашылды

Орталықта 18 жас­тан асқан, психо­невро­ло­гиялық аурулары бар, I, II топтағы мүгедектігі бар қыз­мет алушыларға стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Бұған дейін мекеме аумағында 1964, 1970 жылдары салынған екі корпус жұмыс істеп тұрған еді. Енді, міне, заман талабына сай жаңа ғимарат іске қосылып отыр.

Қосымша корпустың жалпы аумағы 6 281,8 шаршы метр­ді құрайды. Нысан халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына толық сәйкес келеді. Ғимаратта арнайы еңбек шеберханасы, медициналық кабинеттер, заманауи асхана, шаштараз бөлмесі, кітапхана, жатын бөлмелері қарастырылған.

Ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли мен облыс прокуроры Ерлан Абаев қатысты. Өңір басшысы жаңа нысанның әлеуметтік маңызына тоқталып, мекеме ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға қолайлы әрі қауіп­сіз орта қалыптастыруға бағыт­талғанын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан хал­қына Жолдауында: «Мемлекет әр азаматтың лайықты табыс тауып, сапалы әлеуметтік қызмет алып, ертеңгі күніне сенімді болуы үшін барынша жағдай жа­сай береді», деп әлеуметтік сала­ның маңызын айрықша атап өт­ті. Жаңа ғимаратты пайдалану­ға беру – халықты әлеуметтік қор­­ғау саласында арнаулы әлеумет­­тік қызметтер көрсету стандарт­тарына сай, қызмет алушылар­ды бір адамға 5 шаршы метрге де­йінгі тұрғын үй алаңымен қамта­ма­сыз етуге мүмкіндік бе­реді. Сонымен қатар қосымша кор­пус санитарлық-гигиена­лық, эпи­демияға қарсы талаптар­­дың сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ қызмет алушылар­ға да, орталық пер­соналының жұ­мысына да неғұрлым қолайлы жағ­дай­лар жасап, медициналық, әлеу­мет­тік қызмет көрсету сапасын арттырады. Облысымызда заң­сыз шығарылған активтерді қай­тару есебінен 25 нысанның құры­лысы басталған. Бүгін­­де үшеуінің құрылысы аяқталды. ­­22 нысанның құрылысы жүргізі­­ліп жатыр. Жалпы, бұл мақсатқа ­­22 млрд теңге қаржы қарасты­рыл­ды. Осы игі іспен айналыс­қан прокуратура, құқық қорғау ­органдары қызметкерлеріне ­Абай облысы жұртшылығы аты­нан алғысымызды білдіреміз, – ­деді облыс әкімі.

Әкімдіктің дерегінше, нысан іске қосылғаннан кейін жаңа жұмыс орындары ашылып, өңір­­дегі әлеуметтік қолдауға мұқ­­таж азаматтарға сапалы қыз­мет көр­сетіледі. Жалпы, өңір­де 23 800 мүгедектігі бар адам тір­­келген. Осы жылы аймақ­тағы 15 мыңнан ­астам мүгедек­тігі бар жанды техника­лық оңал­ту құралдарымен, оңал­ту қыз­мет­­терімен қамтамасыз ету мақса­тын­да 3,3 млрд теңге бөлін­ді. Со­нымен қатар әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы нысандары­ның қолжетімділігін қамтамасыз ­ету мақсатында биыл 200 ны­сан­ды бейімдеуден өткізу жос­парланып отыр. Облыста арнау­лы әлеуметтік қызметтермен ­6 мың­ға жуық адам қамтылған.

Облыс әкімі баспасөз қыз­метінің хабарлауынша, Мем­ле­кет басшысының тапсыр­масын орын­дау мақсатында Үржарда бала­ларға арналған арнаулы әлеу­меттік қызмет көрсету орта­лы­ғының жанында салын­ған қо­сымша ғимараттың құры­­лысы аяқ­талып, биыл пайдала­ну­ға бері­леді. Сондай-ақ Бороду­лиха ауда­нында, Семей қала­сын­да орналасқан қарттар үйіне ағым­дағы жөндеу жұмыста­ры жүр­гізіледі. Әлеуметтік меке­мелер­дің қыз­метін арттыру мақсатында ­20 автокөлікті (оның ішінде ­7 ин­ватакси) лизинг арқылы сатып алу жоспарлан­ған.

 

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар