Волонтер • Кеше

Жануарларға жанашырлық мәдениеті қалыптасып келеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде жануарларға ізгілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастамалар жүйелі сипат ала бастады. 2025 жылы Ұлттық волонтерлік желі Мәдениет және ақпарат министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қолдауымен «Kazakhstan for Animals» жобасын жүзеге асырды, деп жазады Egemen.kz.

Жануарларға жанашырлық мәдениеті қалыптасып келеді

Жоба Қазақстанның 20 өңірін қамтып, 1 612 адамды біріктірді. Осы кезеңде жеті мектеп волонтерлер клубы құрылып, серіктес ұйымдармен 20-дан астам бірлескен іс-шара ұйымдастырылды. Волонтерлердің кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында базалық білім беру бағдарламасы әзірленіп, оны 886 қатысушы сәтті аяқтады.

Президент сын сағатта белсенді жұмыс істейтін еріктілердің жұмысын жоғары бағалады

Сонымен қатар жоба аясында жануарларға күтім жасау тақырыбын арқау еткен балалар кітаптары, комикстер мен мультфильмдер авторларына арналған шығармашылық байқау өтті. Бұл бастама жас буынның жануарларға жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

Жабайы жануарларға жағдай жасалды

Жалпы, «Kazakhstan for Animals» жобасы зооволонтерлік қозғалысты кеңейтуге және елде жануарларға қамқорлық мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланады. Айта кетейік, аталған бастама 2026 жылы да өз жалғасын тапты.

Айтпақшы, бұрынырақ мысық­тар мен иттерге арналған алғашқы әлеуметтік желі пайда болғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар