Ата заң • Бүгін, 17:34

Конституциялық реформа: Жаңа оныншы бөлімде не жазылған?

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында жаңа Конституция жобасындағы сот төрелігі жүйесіне, жергілікті басқаруға және гегізгі заңға өзгерістер енгізу тәртібіне қатысты маңызды өзгерістер туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Конституциялық реформа: Жаңа оныншы бөлімде не жазылған?

Фото: abaidan.kz

Оның айтуынша, Конституцияның сегізінші бөлімі – «Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері» аясында сот төрелігінің конституциялық қағидаттары айтарлықтай күшейтілген.

Сот ісін жүргізу нысандарының қатары артты, судьялардың тәуелсіздігі нығайды. Сот жүйесінің кадр мәселелері шешілді. Сондай-ақ адвокатураның құқықтық мәртебесі алғаш рет Конституцияда нақты бекітілді.

Бір палаталы Құрылтай мен Халық Кеңесінің құзыреті қандай?

«Бұл – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін арттыруға, сондай-ақ қоғамның сот жүйесіне деген сенімін күшейтуге бағытталған маңызды қадам», деді Бақыт Нұрмұханов.

Сонымен қатар ол Конституцияның жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару мәселелеріне арналған тоғызыншы бөлімі Құрылтайдың құрылуы және елімізде жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаны ескере отырып қайта қаралғанын айтты. Бірқатар нормалар нақтыланып, мемлекеттік басқарудың жаңа жағдайларына бейімделген.

Жаңа Ата Заңның жобасында қандай мызғымас қағидаттар бекітілді?

«Бұл бөлімнің жаңартылуы мемлекет пен қоғамның жергілікті деңгейдегі өзара іс-қимылын тиімді етуге деген ұмтылысты көрсетеді», деп нақтылады Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.

Бұдан бөлек, Бақыт Нұрмұханов Конституцияда жаңа, оныншы бөлімнің пайда болғанына назар аударды. Бұл бөлім негізгі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібіне арналады. Сондай-ақ ол «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын он бірінші бөлімнің мазмұнына тоқталды.

Жаңа Конституцияда қанша бөлім, қанша бап болады?

Атап айтқанда, бұдан былай Конституцияға өзгерістер Президенттің шешімімен және тек жалпыхалықтық референдум арқылы ғана енгізіледі. Сонымен бірге референдум өткізу бастамасын көтеретін субъектілер қатарына Халық Кеңесін қосуды көздейтін норма қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар