Ата заң • Бүгін, 17:43

Жаңа Конституция саяси жүйені қалай өзгертеді?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекеттің дамуындағы стратегиялық міндеттерге жауап береді және Қазақстан мемлекеттілігінің іргесін нығайтуға бағытталған. Бұл туралы Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа Конституция саяси жүйені қалай өзгертеді?

Оның айтуынша, жобаға енгізілген жаңашылдықтар елімізде қалыптасқан мемлекеттіліктің конституциялық негіздерін күшейтіп, оларды жаңа мазмұнда қайта бекітеді. Сонымен қатар адам құқықтарын қорғау мен Конституцияға негізделген құқық үстемдігін қамтамасыз етуге қажетті құқықтық алғышарттар жасалады.

Конституцияның 80-ге жуық нормасына өзгерістер енгізіледі

Спикер Конституция жобасындағы негізгі ережелер «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының логикасына толық сәйкес келетінін атап өтті. Бұл тәсіл елдің одан әрі дамуы үшін мызғымас институционалдық негіз қалыптастырады.

«Конституция жобасына енгізілген ережелер қоғам мен мемлекет эволюциясының жаңа бір кезеңін ашуға негіз қалайды», деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.

Мәулен Әшімбаев: Қазақстан ұлттық жаңғыру кезеңін бастан өткеріп жатыр

Сонымен бірге Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссия мүшелерінің, сондай-ақ белсенді азаматтар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан түскен ұсыныстар алдағы жұмыс барысында да маңызды әрі құнды болатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар