31 қаңтарда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман болжанады. Облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын мол түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы таулы аудандарда секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Таулы аудандарда солтүстік-шығыс желі секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Сол аудандарда тұман мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады. Облыстың оңтүстік-шығысында күндіз шығыс және оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы секундына 15-18 метрге дейін жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен орталығында шығыс және оңтүстік-шығыс желі секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, күндіз екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Атырау облысының батысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында және орталығында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қызылорда облысында тұман мен көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде шығыс және солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде таңертең және күндіз аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ақмола облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы мен шығысында тұман күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аудандарында тұман болады. Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін, кей уақытта секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.