Шаруашылық • Кеше

Шаруасы жайқалған жылыжай

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Greenhouse-Qaztomat» жылыжай кешені – Орталық Азиядағы ең ірі әрі өңірдегі ауқымды жобаның бірі. Мұнда жыл сайын шамамен 15 мың тонна қызанақ пен қияр өсіріліп, өнім ішкі нарыққа да, экспортқа да жөнелтіледі.

Шаруасы жайқалған жылыжай

Суретті түсірген – Валерий Бугаев

Екібастұздағы «Green­house-Qaztomat» жылы­жай кешені бас­шы­лығы жуықта шаруа­шы­лықты кеңейту жоспарын таныс­тырды. Айту­ла­рынша, жобаға салына­тын жалпы инвестиция көлемі – 10,7 млрд теңге. Жобаны іске асыру нәтижесінде кешен аумағы 10 гектарға ұлғайып, жыл­дық өнім көлемі 20 мың тон­надан аспақшы. Жаңа жы­лы­жайды іске қосу желтоқсан айына жос­парланған. Қазіргі уа­қыт­та кәсіпорында 450 адам еңбек етсе, кеңейту аясын­да қосымша 120 жаңа жұмыс орны ашылады. Компания жергілікті кадр­лар­ға басымдық беріп, бәсе­кеге қабілетті жалақы мен ­кәсіби өсу мүмкіндігін ұсы­нып отыр.

Жалпы, екібастұздық жылыжайдағы көкөністер жасанды жарықтандыру арқылы голланд техноло­гия­­сымен қор­ғал­ған топы­рақ­та өсе­ді. Ал тұқым то­лық­тай Ни­дер­ландтан, өсім­­дік­тер­ді то­заң­дан­ды­руға арналған аралар Англиядан жет­кізіліп отыр. Тыңайт­қыштар да шет­тен сатып алынады. Тек өсіп шыққан өнім ғана отан­дық саналады. Бұл да жылыжай шаруашылығы үшін – маңызды мәселе.

Мұндағы өнімдер нарықта ұзақ уақытқа сақталатын қасиетімен танымал. Мәселен, қызанақ өніп шыққан соң 12 ай бұзыл­майды. Екібастұздың қы­занақтары еліміздегі «Small» және  «Magnum» сияқты ірі сауда желі­ле­рін­де тұрақты сатылады. Көкөністер об­лыс­тағы әлеуметтік дүкен­дерде де қолжетімді баға­мен шығып отыр: қиярдың килосы –
980 теңге, қызанақ – 925 теңге.

 

Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы

Соңғы жаңалықтар