Әйелдер арасындағы жекелей сында өткен шешуші матчта Елена Рыбакина беларусьтік үздік теннисшісі Арина Соболенкомен кездесті.
Алғашқы сет Рыбакинаның пайдасына шешілді. Ол 37-минутта 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл партия Соболенко үшін қазіргі Australian Open турнирінде және жалпы маусымдағы алғашқы жеңіліс болды.
Екінші сетте Соболенко дәл осындай есеппен (6:4) басым түсіп, қарымта қайтарды. Бұл партия 50 минутқа созылып, Australian Open-2026 турнирінде Рыбакина үшін алғашқы ұтылған сет ретінде тіркелді.
Еліміздің үздік теннисшісі Australian Open турнирінде қанша табыс тапты?
Үшінші сет аса тартысты өтті. Соболенко 3:0 есебімен алға шыққанымен, Рыбакина қатарынан бес ойын ұтып, есепті 5:3-ке жеткізді. Дегенмен, беларусьтік теннисші есепті 4:5-ке дейін қысқартты.
Соңғы сет Рыбакинаның еншісінде қалды. Есеп 6:4. Қорытынды сет 51 минутқа, ал бүкіл матч 2 сағат 19 минутқа созылды.
Осылайша, Елена Рыбакина Australian Open турнирінің чемпионы атанған Қазақстан тарихындағы алғашқы теннисші болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінде тек бір рет жеңіске жеткен – 2022 жылы Уимблдонда. Ал Аустралияның ашық чемпионатында 2023 жылы финалда ойнап, дәл осы Соболенкодан жеңілген еді.
Биылғы Australian Open турнирінің жалпы жүлде қоры 74,9 миллион долларды құрайды, бұл оны әлемдік күнтізбедегі ең табысты турнирлердің біріне айналдырады.
Әйелдер арасындағы жекелей сында жеңіске жеткен спортшы 2 793 365 доллар көлемінде жүлде қаржысын және WTA рейтингінде 2000 ұпай алады.