Оқиға • Бүгін, 10:18

Павлодарда салынып жатқан көпір өртенді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында салынып жатқан көпір аумағында өрт тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда салынып жатқан көпір өртенді

Фото: t.me/qr_tjm

Бүгін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» жедел басқару пультіне құрылыс жүріп жатқан көпірде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Өрт құрылыс нысанының жоғары бөлігінде тұтанып, жылу оқшаулағыш материалдар мен ағаш конструкцияларын шарпыған.

«Өрт ошағы жер деңгейінен шамамен 30 метр биіктікте орналасып, жағдайды айтарлықтай қиындатқан. Соған қарамастан, оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ-нің өрт сөндіру бөлімшелері қысқа уақыт ішінде жалынды ауыздықтап, оның көпірдің барлық құрылымына таралуына жол бермеді», делінген хабарламада.

Жедел әрі үйлесімді әрекеттің нәтижесінде өрт толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

БҚО-да жеке тұрғын үй өртенді: 3 адам қаза тапты

Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласындағы екі қабатты дәмханадан өрт шыққанын хабарлаған едік.

Астанада ғимарат шатыры өртенді: Зардап шеккендер жоқ

Соңғы жаңалықтар