Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейтінін және фактілердің бұрмаланғанын хабарлады.
«Жер мен табиғи ресурстарға қатысты нормалар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ және Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының талаптарына толықтай сәйкес келеді. Аталған ақпаратты тарату фактілері құқықтық тұрғыдан бағаланды. Алматы қаласының аудандық әкімшілік сотының қаулысымен А. есімді азамат жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл арқалады», делінген хабарламада.
Алматы қаласының Полиция департаменті азаматтар мен медиа қауымдастық өкілдерін тек ресми және тексерілген ақпарат көздерін пайдалануға шақырады, сондай-ақ жалған ақпаратты жария кеңістікте таратудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Жалған ақпарат: Алматыдағы мектептерге террористік шабуыл жасалуы мүмкін
Айта кетейік, кеше әлеуметтік желілерде Қазақстан жерін шетелдіктерге сату туралы ақпарат тараған еді. Алайда, Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан жерін шетелдіктерге сату туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, фактілердің бұрмаланғанын мәлімдеді.