Аймақтар • 02 Ақпан, 2026

Кендірліде жаңа әуежай бой көтереді: Жоспарлау аумағы үш есе кеңейді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Кендірлі туристік аймағын дамыту жұмыстары қарқын алды. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кендірліде жаңа әуежай бой көтереді: Жоспарлау аумағы үш есе кеңейді

«Кендірлі ауылының бас жоспары 2023 жылы бекітіліп, 2024 жылдан бастап егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, бүгінгі күні бас жоспарға тиісті түзетулер енгізіліп жатыр. Жоспарлау аумағы 3 500 гектардан 10 500 гектарға дейін кеңейтілді. Бұл бағыттағы жұмыстар осы жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Сонымен қатар Кендірлі курорттық аймағының мастер-жоспары да басталып кетті. Ол жұмыстар осы жылдың ІІ-тоқсанында аяқталады деп күтіледі», дейді қала әкімі.

Қала әкімі Ж.Қайнарбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес, Кендірлі курорттық аймағында әуежай құрылысы қолға алынған. Әуежайдың ұшу-қону жолағы 2200 метрді құрайды, терминалдың өткізу қабілеті сағатына 150 жолаушыға есептелген.

Кендірлі мен Қатонқарағайға ұшақ қонады: 2026 жылы әуе қатынасы қалай өзгереді?

Құрылыс жұмыстары белсендіжүргізіліп, инженерлік желілер тартылып, әуе қатынастары бойынша ішкі және сыртқы рейстер бойынша келісімдер жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар