Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Алғашқы PhD

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әділет Имамбеков – Гарвард уни­верситетінде оқыған әрі PhD қорға­ған алғашқы қазақ. Оның ғылыми еңбектері әлі күнге дейін өзекті.

Алғашқы PhD

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жас ғалым 2012 жылы небәрі 30 жасында Тянь-Шань тауында қайтыс болған. Соған қарамастан, еңбектері бүгінге дейін халық­аралық ғылыми ортада қолданылып келеді. Оның Хирш индексі – 26. Бұл көрсеткіш ғалым еңбектеріне басқа зерттеушілер қаншалықты жиі сілтеме жасайтынын білді­реді. Яғни оның зерттеулері ғылымға нақты пайда әкеліп, өзге жұмыстарға негіз болған. Мұндай деңгейге көпжылдық тәжірибесі бар профессорлардың өзі әрдайым жете бермейді. Ә. Имамбековтің зерттеулері өткізгіштік, кванттық есептеу және жаңа буын электроникасы сияқты болашақ технологиялардың теориялық негізін түсіндіруге көмектеседі.

 

Соңғы жаңалықтар

Болашаққа бағдарланған құжат

Реформа • Бүгін, 09:10

Мұқағалидың батасы

Тұлға • Бүгін, 09:05