Фото: ІІМ (архив)
Тергеу мәліметтері бойынша, Ауғанстан азаматы қандас екенін көрсетіп, әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған. Сол қаржымен ол 20 млн теңге тұратын пәтер сатып алған.
Сот шешімі бойынша пәтер мемлекет кірісіне конфискацияланады. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұған дейін Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы тағайындауда еңбек өтілі бойынша өзара есеп жүргізу туралы келісімге келгені белгілі болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай қандастарға төлемдер Қазақстан азаматтығын алғанға дейін де жалғасатынын түсіндірген.
Шетел азаматтары болып табылатын этникалық қазақтарға Қазақстанда 10 жыл өмір сүріп, жұмыс істеуге мүмкіндік беретін 65 «Ата жолы» картасы берілген.