Технология • Бүгін, 15:15

Елімізде алюминий дөңгелек дискілер шығаратын зауыт салынады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр АҚШ-тың Open Element және Оңтүстік Кореяның Hands Corporation компанияларының басшылығымен кездесу өткізіп, бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде алюминий дөңгелек дискілер шығаратын зауыт салынады

Фото: kolesa.kz

Жоба автомобиль өнеркәсібінде локализацияны тереңдетуге және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған. Astana Motors компаниясының қатысуымен жүзеге асырылады.

Бес жылда 5 есе өсім: Қай облыстарда автобөлшектер бағасы шарықтап тұр?

Жаңа кәсіпорын Қазақстанда алюминий дөңгелек дискілерін өндіру бойынша толық технологиялық циклмен, оның ішінде озық инженерлік және өндірістік шешімдерді трансферлеуді қамтитын алғашқы заманауи өндіріс болады.

Шетелдік серіктестер Қазақстанның жобаны жүзеге асыру алаңы ретінде таңдалуы елдегі автомобиль өндірісінің тұрақты өсуімен байланысты екенін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қол қою рәсіміне Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, Astana Motors бас директоры Бекнур Несіпбаев, Open Element негізін қалаушы және бас директоры Мустафа Аккари, Hands Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Сын Хен Чан, сондай-ақ Қазақстанның Автокөлік Одағының президенті Анар Макашева қатысты.

Елімізде автокөлік өндірісі қарқынды дамып жатыр

Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстанның тек ішкі нарық үшін ғана емес, сонымен қатар өңірлік нарықтар үшін де ірі автокомпоненттер өндірушісі және жеткізушісі рөліне көшу жөніндегі ұзақмерзімді стратегиясының бір бөлігі болып саналады.

Соңғы жаңалықтар