Оқиға • Кеше

Шымкентте жоқ пәтерлерді жалға берген әйел ұсталды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тергеу деректері бойынша, күдікті әлеуметтік желілерде пәтерлерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялап, алдын ала төлем алып отырған, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте жоқ пәтерлерді жалға берген әйел ұсталды

ҚР ІІМ баспасөз қызметі 9 ақпанда хабарлағандай, күдікті әлеуметтік желілер мен танымал жарнама сайттарында пәтерді жалға беру туралы хабарландыру жариялаған.

Жалға алуға ниеттілер хабарласқанда, әйел алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ақшаны алған соң, ол байланысқа шықпай қойған.

Күдіктінің төрт алаяқтық жайтына қатысы бар екені анықталды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Полиция азаматтарды интернет арқылы пәтер жалдау кезінде абай болуға шақырады. 

Жалға алу кезінде белгісіз тұлғаларға алдын ала ақша аудармау, пәтердің нақты бар-жоғын тексеру, тек сенімді сервистерді қолдану және міндетті түрде келісімшарт жасау сұралады.

Айта кетейік, Астана қаласында пәтер ұрлығымен айналысқан 30 жастағы ер адам мен оның сыбайласы болуы мүмкін 46 жастағы күдікті ұсталған еді. 

Соңғы жаңалықтар

Ерлік пен тарих

Тағзым • Кеше