Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев НАТО Парламенттік Ассамблеясы Қауіпсіздіктің азаматтық өлшемі жөніндегі комитетінің төрағасы Виталино Канаш бастаған делегациясымен кездесті. НАТО ПА делегациясының құрамында Португалия, Франция, Польша, Ұлыбритания, Грекия, Италия және Латвия депутаттары бар, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Кездесуді ашқан Қ.Тоқаев Қазақстан аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында НАТО-мен ынтымақтастыққа зор мән береді, деп атап өтті. Төраға Қазақстан Парламенті НАТО Парламенттік Ассамблея қызметіне байқаушы ретінде қатысатынын және оның жыл сайынғы сессиясына тұрақты түрде қатысып келе жатқанына тоқталды. Ол, сондай-ақ 2009 жылы Астанада НАТО ПА-мен бірлесе отырып, Еуроатлантикалық қауіпсіздік, оған қоса Ауғанстан және Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Роуз-Рот семинары табысты өткенін еске салды.
Қ.Тоқаев Президент Н.Назарбаевтың елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған бес институттық реформасы, сондай-ақ, қазақстандық парламентаризмнің дамуы мен Сенат қызметі туралы айтты.
Өз кезегінде В.Канаш Қазақстан НАТО ПА-ның Орталық Азиядағы ең жақын әріптесі екенін, сондықтан ұйым қазақстандық парламентшілермен байланысты одан әрі нығайтуға ниеттеніп отырғанын атап өтті. Француз сенаторы Жоэль Гаррио-Мейлам Франция Сенаты Төрағасының сәлемін жеткізіп, бейбітшілікті нығайту жолында парламентаралық үнқатысу мен парламенттік дипломатияның маңызы туралы пікір білдірді. Ол аумақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалады. Францияның тағы бір депутаты Жан-Мишель Вийом Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретіндегі және Украинадағы шиеленіскен жағдайды реттеудегі Қазақстанның рөлін ерекше бөліп айтты.
Кездесу барысында Еуропадағы босқындар, терроризммен және экстремизммен күрес, халықаралық парламенттік ұйымдар мәселелері бойынша пікір алмасылды.
• 26 Маусым, 2015
Қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үнқатысу жалғасуда

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше