Аймақтар • Бүгін, 09:51

Павлодарда жол күтіміне немқұрайды қарағандар жазаланды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының полицейлері өңірдегі автожолдардың сапасына ауқымды тексеру жүргізді. Тек қаңтар айының ішінде 3 мың шақырымнан астам жол қаралып, нәтижесінде 200-ден астам ақау анықталған, деп жазады Egemen.kz.

Павлодарда жол күтіміне немқұрайды қарағандар жазаланды

Фото: istockphoto.com/

Жол-техникалық инспекция қызметкерлері автокөлік жолдарының жай-күйіне тұрақты бақылау жүргізеді.

12,3 млрд теңге шығын: Түркістан жолдары неге мерзімінен бұрын бұзылған?

«Тек қаңтар айында жалпы ұзындығы шамамен 3 045 шақырымды құрайтын автокөлік жолдарында 140 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 203 жол ақауы анықталды. Жолдарды тиісті деңгейде ұстамағаны үшін 24 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ техникалық ақауы бар көлікті пайдалануға шығарғаны және бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғаға көлік басқаруға рұқсат бергені үшін 8 адам жазаланды», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бәкібай Ахмедьянов.

Тәртіп сақшылары ауа райының қолайсыздығы кезінде қар жауып, боран соғып және көктайғақ болғанда кемшіліктер тіркелетінін айтады.

Алматы − Қонаев тасжолы: Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады? 

Соңғы жаңалықтар