Оқиға • Бүгін, 10:02

Шымкентте жалдамалы пәтерден үш адамның мәйіті табылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте жалдамалы пәтерден екі әйел мен бала өлі күйінде табылды. Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше олар көмірқышқыл газына уланып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте жалдамалы пәтерден үш адамның мәйіті табылды

Фото: ашық дереккөз

Құтқару қызметін көршілері шақырған. Олар алдымен өздері пәтер иелерінен хабар алуға тырысқан. Алайда олардың әрекеті нәтижесіз болған. 

Алматы облысында жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылды

112 пультіне хабарлама 8 ақпан күні сағат 16:36-да түскен.

«Шымкент қаласындағы «Күншығыс» шағын ауданында бір отбасының  ұзақ уақыт бойы есік ашпай жатқаны туралы хабарлама түскен бойда оқиға орнына жедел-құтқару жасағы жіберілді», делінген ТЖД хабарламасында.

Құтқарушылар пәтерден үш адамның мәйітін тапқан. 

Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ақтөбеде әйел мен үш бала газдан уланып қаза тапты

Соңғы жаңалықтар