АСТАНА. 13 тамыз. Қытайдағы қиын экономикалық жағдай ірі компьютер өндіруші компанияны да тығырыққа тіреді. Атап айтқанда, әлемге белгілі Lenovo компаниясы қаржылық қиындыққа байланысты 3 мың қызметкерін жұмыстан шығаруға мәжбүр болып отыр. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Компания басшылығы мұндай әрекетін кәсіпорын табысының 51 пайызға дейін төмендеп кетуімен түсіндіруде.
Қазіргі таңда әлем бойынша Lenovo шығарған дербес компьютерлер мен планшеттердің сатылымы айтарлықтай қысқарды. Одан бөлек, компания табысының азаюына ұлттық валютаның құлдырауы да себеп болуда. Сондықтан осындай қадамға барған компания өкілдері штатты қысқарту арқылы жыл сайын 1 млрд. 350 млн. долларды үнемдейтіндерін жеткізді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: 24.kz.
Сурет: lenovo.com.
• 13 Тамыз, 2015
Белгілі Lenovo компаниясы 3 мың жұмысшысын қысқартпақшы

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше