– 90-шы жылдардың ішінде Ахмет Байтұрсыновтың 125 жылдығы аталып өтті. Сонда мені осы тақырып қатты қызықтырды. Өзім Ахмет туралы газеттерде жарияланған материалдарды тауып оқыдым. Ғалым, күрескер әрі өктем саясат қиянатын көп көрген, әрі соның құрбаны болған тұлғаны мен өз қиялымдағы Байтұрсынов бейнесінде алып шықтым. Бұл портрет мамандар тарапынан жақсы баға алды, – дейді Николай Торшин. Ахметтің бұл суреті облыстық тарихи және өлкетану музейінде сақтаулы тұрған.
Өткен жылдың аяғында Қостанайда “Бадрисафа” экспедициясы құрылған болатын. Ол Ахаңның аяулы жары, 30-шы жылдарғы саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбаны Бадрисафа (Александра) Байтұрсын келінінің өмірін зерттеп, жерленген жерін іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Осы экспедицияның жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Римма Бектұрғанова Николай Васильевичке Бадрисафаның суретін салуға кеңес берген еді. Бұл орайда суретшінің біраз ізденуіне тура келді. Мұны ол Ахмет тақырыбының жалғасы деп қабылдап, ол Бәдрисафа туралы естеліктерді ақтарды.
– Ахмет Байтұрсыновты сүйген, оның жанына жалау, өміріне серік бола білген орыс қызы Александра, яғни Бәдрисафа анамыз трагедиялық тұлға. Оның бізге өмірі де, өлімі де жұмбақ болып келеді. Ауызша жеткен деректер бойынша, оның білімді, көкірегі ашық адам болғанын біліп отырмыз. Ахаңды пір тұтқан ол сүйген жарына деген адалдығынан айнымады, уақыттың дауылына қарсы тұрды. Автор Бадрисафа бойындағы адалдықты, қайсарлықты бояу тілінде бере білген, – дейді Римма Шыңғысқызы.
Портретте қайыңдай әрі нәзік, әрі берік орыс әйелі басына ақ орамал тартып, үстіне көк жасыл түсті көйлек киген. Көк жасыл түс – мұсылмандықтың белгісі. Желкесінен байлаған ақ орамал мен алманың сабағындай иілген мойнындағы қазақы алқа оның қазақ келіні екенін айтып тұрғандай. Суретші осы шығармасында Бәдрисафаның жүрек қалауын ашып көрсеткен. Ұлы қазақты сүйген орыс әйелінің жанарына келіп қалған жасты көрерменнің байқамауы да мүмкін емес. Ол өзі пір тұтқан Ахмет үшін тағдырдың не салғанына да көнді.
Портреттердің тұсаукесерінде сөз алған қазақ және орыс зиялы қауым өкілдері бұл шараның жас ұрпақ үшін танымдық маңызының зор екеніне тоқталды.
Ахмет пен Бәдрисафа портреттері тарихи-өлкетану музейіндегі Қостанай топырағында туған ұлыларға арналған залдың қақ төрінен орын алатын болады. Римма Шыңғысқызы өзінің жеке қаржысына салдырған Бәдрисафа портретін облыстық музейдің қорына сыйға тартты.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, ҚОСТАНАЙ.

Биыл өңдеу өнеркәсібінде 1,5 трлн теңгеге 190 жобаны іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 19:18
Синоптиктер Астанаға не себепті қар жаумай тұрғанын түсіндірді
Ауа райы • Бүгін, 18:37
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 18:04
Жаңа алгоритм АИТВ-ны бірнеше секундта анықтайды
Медицина • Бүгін, 17:51
Ұланның 5573 әскери бөліміне жас сарбаздардың жаңа легі қосылды
Айбын • Бүгін, 17:42
Қоғамды дамытудың тың мүмкіндіктері талқыланды
Елорда • Бүгін, 17:30