ҚЫЗЫЛОРДА. 13 тамыз. Қызылордада «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жаңарту: жаңа сапа және жаңа көзқарас» тақырыбында републикалық форум өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Форумға Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев, «ЮНИСЕФ» балалар қорының өкілі және еліміздің түкпір-түкпірінен келген әдіскер, педагог мамандар қатысты. Қонақтар бүгінгі балабақшалардың жағдайы, олардың бала тәрбиесіндегі рөлі сияқты ауқымды мәселелерді сөз етті. Шараның негізгі мақсаты – тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіру.
Форумға арнайы келіп қатысқан Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев аймақтың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысына оң бағасын берді. Өйткені қазірдің өзінде Қызылорда облысының бүлдіршендерді балабақшамен қамту көрсеткіші 92,2 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 100 пайызға жеткізіліп, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын уақытынан бұрын аяқтау жоспарланып отыр.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы «Балапан» бағдарламасы мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті жүзеге асырудың тиімді жолы екенін айтты. «Мектепке дейінгі мекемелердің оқыту, тәрбиелу әдістеріне де көп көңіл бөліп келеміз. Олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін де біршама жұмыстар атқарылды. Биылдың өзінде 200 балабақшаға «Мантессори» әдісімен оқытуға қажетті құрал-жабдықтар алып берілді. Яғни, тәрбие мен оқыту жүйесіндегі жаңашылдыққа бетбұрыс қарқын алуда», – деді Р.Кенжеханұлы.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: ҚазАқпарат.
• 13 Тамыз, 2015
Қызылордада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының форумы өтті

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше