ҚЫЗЫЛОРДА. 13 тамыз. Қызылордалық полицейлер жедел-профилактикалық рейд жұмыстары барысында Шиелі ауданы №15 бекеттен оңтүстікке қарай 5 шақырым жерде есірткі затына ұқсас өсімдік өсіп тұрған алқапты анықтады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында жолсыз құмдардың арасында есірткі затына ұқсас өсімдік егіп жатқан белгісіз азаматты байқап қалады. Жедел-тергеу тобы шақырылып, шұғыл түрде Қызылорда қаласының 1978 жылы туған азаматы құрықталды. Тексеру барысында 3364 түп жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік және егу барысында қолданылған құрал-саймандары айғақ зат ретінде алынды. Анықталған 3364 түп сора өсімдігінің 3306 түбі өртеу жолымен жойылса, 58 түбі сот-сараптамалық тексеріске жолданды. Психотроптық заттар мен прекурсорларды зерттеу сот-сараптамасы қорытындысы бойынша анықталған өсімдік сора өсімдігіне жататындығы белгілі болды.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодексінің 300-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сезікті азамат аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: elarna.com.
• 13 Тамыз, 2015
Сыр өңірінің полицейлері ірі есірткі алқабын жойды

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше