Фото: Ашық дереккөз
ТЖМ жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 км жерде орналасқанын мәлімдеді. Алматы қаласының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезді.
Алматы облысы аумағындағы жер сілкінісінің сезілу қарқындылығы:
- Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы – 4 балл;
- Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы – 4 балл;
- Еңбекшіқазақ ауданы, Маловодное ауылы – 3 балл;
- Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы – 3 балл;
- Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы – 2 балл;
- Ұйғыр ауданы, Ж. Қайыпова ауылы – 3 балл;
- Кеген ауданы, Саты ауылы – 3 балл;
- Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 3 балл;
- Кеген ауданы, Кеген ауылы – 2 балл;
- Талғар ауданы, Талғар қаласы – 3 балл;
- Іле ауданы, Өтеген-Батыр ауылы – 3 балл;
- Іле ауданы, Боралдай ауылы – 2 балл;
- Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы – 2 балл;
- Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы – 2 балл;
- Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы – 2 балл;
- Ұйғыр ауданы, Чунджа ауылы – 2 балл;
- Алатау (Жетіген) қаласы – 2 балл;
- Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы – 2 балл;
- Алматы облысы, Қонаев қаласы – 2 балл;
- Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы – 2 балл.
Бұған дейін 5 ақпан күні Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелген еді.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз.
- Жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыныңыз;
- Төменгі қабаттарда болсаңыз ғимараттан шығуға тырысыңыз;
- Көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Электр желілерден, ғимараттардан және ағаштардан аулақ болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.