ҚЫЗЫЛОРДА. 13 тамыз. Қызылорда облысында полицейлер жоғалып кеткен бүлдіршінді іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
2015 жылдың 5 тамызы күні 3 жасар бүлдіршін екі ағасы мен әкесіне еріп, Жосалы кентінің шет жағында орналасқан Калинин елді мекеніне жантақ шабуға барады. Екі ұлы үйден айыр алып келуге кеткен уақытта әкесі 2012 жылы туған Алтайұлы Баубектен көз жазып қалады.
Із-түссіз жоғалып кеткен бүлдіршінді табу мақсатында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, аудандық ішкі істер бөлімінің полиция жасағы, Ұлттық ұлан №5547 әскери бөлімінің қызметкерлері, иісшіл қызметтік иттер, төтенше жағдайлар мекемесінің қызметкерлері мен техникалық құрал-жабдықтары жұмылдырылды. Іздестіру шараларына аудандық әкімшілік қызметкерлері, жергілікті аудан тұрғындары мен еріктілер тобы да қосылып, жоғалып кеткен жерінен оңтүстік жаққа қарай 3 шақырым, солтүстікке қарай 4 шақырым, батыс жақта орналасқан Калинин, шығыс бетте орналасқан Сарыөзек елді мекендері толық араланды. Алайда, іздестіру жұмыстары нәтиже бермей жатыр.
Осыған сәйкес, полиция баланы көрген-білгендер болса, өзіне хабарласуды сұрайды. Үстінде болған киімдері қара түсті футболка, көк түсті шапка, қара түсті шорты, көк түсті сүйретпе аяқ киім көрінеді.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 13 Тамыз, 2015
Қызылордада үш жасар баланы іздестіру жалғасып жатыр

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25