Спорт • Бүгін, 08:20

Жарыс күнделігі

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Нью-Делиде нысана көздеуден Азия чемпионаты аяқталды. Жарысты еліміздің құрамасы 26 жүлдемен (3 алтын, 16 күміс, 7 қола) қорытындылады. Жалпы командалық есепте мергендеріміз екінші орынды еншіледі. Бірінші орынды Үндістан олжаласа, үшінші сатыға Өзбекстан табан тіреді.

Жарыс күнделігі
  • Дзюдошы Есмигүл Куюлова Словения астанасы – Люблянада өткен European Open турнирінде күміс медальға ие болды. 63 кг салмақта күрескен жер­лесіміз швейцариялық Кьяра Фриден, хорватиялық Нина Жетко, словениялық Лейла Мазузи, нидерландтық Джони Гейленнен басым түскенімен, шешуші бәсекеде жергілікті татами шебері Кая Кайзерге есе жіберді.
  • Отандық «Алаш Прайд» ұйымы Ақтөбеде дүркіреген жарыс өткізді. Басты жекпе-жекте Жәнібек Тыныштық (7-0) ресейлік Гаджимұрат Гасангусей­нов­ті (13-4) айқын басымдықпен ұтып, аталған промоушеннің жартылай жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпионы атағын иеленді.
  • 25 ақпанда Албания астанасы – Тиранада шымылдығы түрілетін Мұхамет Мало мемориалында еліміздің еркін күрес шеберлері мынадай құрамда күш сынасады: Абзал Өкенов (57 кг), Мерей Базарбаев, Мейрамбек Қартбай (61 кг), Асылжан Есенгелді (65 кг), Майс Әлиев (70 кг), Егор Анчугин, Ернұр Нұрғазы (74 кг), Болат Сақаев (86 кг), Азамат Дәулетбеков (92 кг), Ризабек Айтмұхан, Камиль Куруглиев, Нұрдәулет Бекенов (97 кг), Нұрсұлтан Азов (125 кг). Бұл – жақында ғана ұлттық команданың бас бапкері болып тағайындалған Данияр Қайсанов үшін алғашқы сынақ.

р

  • Грузияның Батуми қаласында GFC 36 x GBC 4 турнирі өтті. Жарыста қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (28-8-2) бразилиялық Алан Сильвадан (19-12-1) ұпай санымен басым түсті. Осы жеңісінен кейін Қуат UFC-де өнер көрсетіп жүрген Ресей спортшысы Шара Буллетті күш сынасуға шақырды.
  • Футболдан УЕФА Ұлттар лигасында еліміздің футболшылары алғашқы кездесуін 26 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдарына қарсы өткізеді. Ара­ға үш күн салып Словакияға сапар ше­гіп, елдің ұлттық командасымен сайыс­қа түседі. 2 және 6 қазанда «Астана Арена­да» Молдова мен Фарер аралдарын қа­былдайды. 14 қарашада Кишиневте Молдовамен, 16 қарашада Астанада ­Сло­ва­киямен шеберлік байқасады.
  • Жуырда Астанада Монакодан ұтылғаннан кейін Дэвис кубогінің ІІ тобына түсіп қалған еліміздің ерлер құрамасы 18–20 қыркүйек аралығында Таиланд теннисшілерімен тартысқа түседі. Осы ойында жеңіске жеткен жағдайда жерлестеріміз келесі маусымда І топқа қайта оралады. 
Соңғы жаңалықтар

Экономикалық аймақ іске кірісті

Экономика • Бүгін, 08:55

Уайым

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дананы сомдаған Хәкімжан

Мәдениет • Бүгін, 08:40

Жақұт тастың зергері

Өнер • Бүгін, 08:35