Фото: istockphoto.com
Министрдің айтуынша, емханалардағы кезектер, жалпы практика дәрігерлерінің жоғары жүктемесі және пациент маршруттарының күрделілігі сияқты мәселелер әлі де өзекті.
«Біз пациенттер медициналық қолдауды тезірек, аурудың ерте сатысында және емдеу тиімді болған кезде ала алатындай етіп алғашқы көмекті қалпына келтіріп жатырмыз», деді А. Әлназарова.
2025 жылдан бастап скринингтік бағдарламалар кеңейтілді: нысаналы топтың жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды, 50-76 жастағы ер адамдар үшін инсульт қаупін тұрақты тексеру енгізілді. Ал созылмалы ауруларды ерте анықтау үшін жоғары сезімтал зертханалық сынақтар қолданылады.
Сонымен қатар онкоскринингтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қосылды. Бұл сақтандыруы жоқ 300 мың азаматтың тексерілуіне жол ашады.