Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

98 түрлі «Күлше қыз»

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Guinness World Records» дерегіне сүйенсек, экранда ең көп бейімделген сюжет «Күлше қыз» ертегісіне тиесілі. Шығарма желісі әр дәуірде қайта жаңғырып, көрерменге кино, теленұсқа, анимация секілді сан қырлы нұсқада ұсынылып отырған.

98 түрлі «Күлше қыз»

Сурет ашық дереккөзден алынды

Гиннесс рекордтар кітабы тіркеген ресми есепте «Күлше қыз» желісімен түсірілген нұсқалардың 98 түрлі өндірісі аталады. Арасында анимация, опералық үлгі, балет, тіпті пародия да бар. Айтпақшы, «Күлше қыздың» ең ерте әдеби нұсқасын италиялық Джамбаттиста Базиле 1634 жылы «Pentamerone» жинағында жариялаған.

 

Соңғы жаңалықтар

Дамуға бастар жол

Саясат • Бүгін, 08:48

«Балапанды» кімдер басқарды?

Басылым • Бүгін, 08:35

Қауіпті дертті сәулемен емдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:17

Жастар жұмысы қайта жанданды

Жастар • Бүгін, 08:15