«Конституциялық өзгерістер еліміздің дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай, мәдениет пен өнер саласының еркін өркендеуіне де мүмкіндік ашады. Мәдениет − ұлттың рухани тірегі. Сондықтан ұлттық құндылықтарды сақтап, заманауи шығармашылықпен ұштастыру – ортақ міндетіміз», деді Ұлықпан Жолдасов.
Айта кетейік, «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалиция құрылып, комиссия мүшелері халыққа заңдағы өзгерістерді түсіндіріп жүр.
Бейбіт Сарыбай: Референдум – елдің келешегін айқындайтын маңызды саяси акт