АСТАНА. 13 тамыз. Бүгін Астанада хоккейден Қазақстан Президентінің Кубогы үшін өткен жарыс мәресіне жетті. Финалда Владивостоктың «Адмиралын» 3:2 есебімен жеңген «Барыс» командасы турнир жеңімпазы атанды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойын жаңадан ашылған мұз сарайында ойналды. Алғашқы кезеңде бірнеше тамаша мүмкіндіктер болғанымен, есеп ашылған жоқ. Ал кездесудің екінші жартысында жанкүйерлер төрт бірдей шайбаның куәсі болды. Алдымен айдын иелері есеп ашты. Матчтың 21-минутында команда капитаны Брэндон Боченски қарсыластардың қақпасынан саңылау тауып, мергендігімен көзге түсті. Арада 4 минут уақыт өткенде қонақтар таразы басын теңестірді. Нәтижелі соққының авторы – Максим Мамин.
Үздіксіз шабуылдардың нәтижесінде барыстықтар тағы да есепте алға шықты. 36-минутта соғылған шайба Евгений Рымаревтің атына жазылды. Алайда, бұл жолғы басымдық 35 секунд қана сақталды. Бір минут өтпей жатып «Адмирал» хоккейшісі Константин Макаров тағы да есепті теңестіріп кетті.
Үшінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ. Соған сәйкес командалар қосымша таймға жүгінді. Бұл сында «Барыстың» жолы болды. 63-минутта Роман Старченко жеңіс шайбасын соғып, командасына жеңіс сыйлады. Осылайша, елордалықтар жаңа маусымды жарқын жеңіспен бастады. Осы жеңістің «Барыстың» бас жаттықтырушысы Ерлан Сағымбаев үшін де маңызы зор екені белгілі. Себебі, бұл оның команданың бас жаттықтырушысы ретінде ресми түрде қатысқан алғашқы жарысы.
Ойын барысында «Барыс» қақпасын Ян Лацо қорғаса, «Адмирал» сапында Игорь Бобковқа сенім артылғанын айта кетейік.
Аталған сайыста жүлделі үшінші орын Ресейдің Ханты-Мансийск қаласынан келген «Югра» командасына бұйырды. Қола медаль үшін болған ойында ол Новокузнецкінің «Металлургінен» 1:0 есебімен басым түсті.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: vesti.kz.

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25