Ата заң • Бүгін, 14:28

Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Зерттеу еліміздің 20 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласын толық қамтыды, деп хабарлайды Egemen.kz

Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

Еліміздің жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдум қарсаңында қоғамда қолайлы көңіл-күй сақталып отыр. 18 жастан асқан 1 200 респонденттің қатысуымен жүргізілген телефондық сауалнама нәтижелері осындай қоғамдық көңіл-күйді айқын көрсетті. Зерттеу еліміздің 20 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласын толық қамтыды.

Сауалнама нәтижелері халықтың хабардарлық деңгейі айтарлықтай жоғары екенін көрсетті, яғни, азаматтардың басым бөлігі жоба мазмұнымен белгілі бір деңгейде таныс немесе ол туралы естіген. Сауалнамаға қатысушылардың 22,5%-ы жаңа Конституциямен таныс емес екенін айтқан.

Конституция жобасы халық тарапынан елеулі қолдауға ие екені байқалады. Жалпы алғанда Конституциямен қандай да бір деңгейде таныс респонденттердің 78,8%-ы құжатты қолдайды, оның ішінде 31,7%-ы толық қолдайтынын білдірсе, 47,1%-ы көбіне қолдайтынын атап өткен.

Өздерінің күнделікті өміріне және құқықтық мәртебесіне тікелей әсер ететін мәселелер азаматтардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Халық ең көп талқыланатын үш негізгі тақырып келесідей:

     1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары – 35,3%;
     2. Әлеуметтік кепілдіктер (білім беру, денсаулық сақтау, зейнетақы) – 29,5%;
     3. Экология мәселелері – 18%.

Сонымен қатар білім мен ғылым саласына (17,3%) да айтарлықтай көңіл бөлінген. Яғни азаматтардың қызығушылық құрылымы ең алдымен олардың әлеуметтік жағдайы мен өмір сапасына тікелей ықпал ететін нормаларға бағытталған.

Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі құжатты дайындау жұмысын да оң бағалап отыр. Респонденттердің 68,3%-ы «Конституциялық комиссия өзіне жүктелген міндетті орындай алды» деп есептейді, оның ішінде 16,4%-ы бұған толық сенімді, 49,8%-ы бұл бағалаумен негізінен келіседі.

Сондай-ақ, сауалнама нәтижелері электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. «2026 жылдың 15 наурызында жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдум өтеді. Сіз оған қатысасыз ба?» деген сұраққа респонденттердің 71,4%-ы оң жауап берген. Оның ішінде 32,9%-ы сайлау учаскелеріне міндетті түрде келетінін нақты айтса, 38,5%-ы дауыс беруге қатысуының ықтимал екенін жеткізген.

Конституциялық реформаны талқылау негізінен тұлғааралық сипатқа ие. Азаматтар бұл мәселелерді көбіне отбасы мүшелерімен (37,6%), достары және таныстарымен (34,5%), сондай-ақ әріптестерімен (30,1%) талқылайды. Цифрлық ортадағы пікір алмасу салыстырмалы түрде сирек кездеседі (17,9%).

Әлеуметтік желілер маңызды ақпарат көзі болып қала бергенімен, қолданушылардың басым бөлігі бақылаушы позициясында қалып отыр: олардың 59,8%-ы пікірталасқа қатыспай, жарияланымдарды тек оқумен шектеледі.

Осылайша, сауалнама нәтижелері жаңа Конституция жобасының қоғам тарапынан жалпы алғанда жағымды қабылданатынын, халықтың хабардарлық деңгейі жоғары екенін және азаматтардың референдумға қатысуға айтарлықтай дайын екенін көрсетеді. Дегенмен, қоғамдық пікірдің қалыптасу үдерісі жалғасып жатса, реформаны талқылау белсенділігі сақталып отыр.

Айта кетейік, сауалнама Институттың жеке қаражатына 2026 жылғы 14-18 ақпан аралығында жүргізілді. Сауалнамаға 1 200 респондент қатысты. Зерттеуге Қазақстанның 17 облысынан және республикалық маңызы бар 3 қаласынан (Астана, Алматы және Шымкент) 18 жастан асқан азаматтар қатысты. Телефондық сауалнама ұялы байланыс абоненттері арасында жүргізілді. Сауалнама қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Статистикалық ауытқуы 2,8%-дан аспайды. Сауалнама ОСК-ның жазбаша хабарламасы негізінде жүргізілді.

Жастар Конституция жобасын қолдайды

Сонымен қатар, сауалнамаға 43,4% ер адам және 56,6% әйел қатысты, респонденттердің 64,2%-ы қала тұрғындары, 35,8%-ы ауыл тұрғындары болды.

Референдумға арналған ресми сайт іске қосылды

Соңғы жаңалықтар

Адам құқығы – басты назарда

Ата заң • Бүгін, 15:35