Фото: depositphotos.com
Тергеу деректеріне сәйкес, 2019-2020 жылдары күдікті алдау жолымен Шымкент қаласының төрт тұрғынының ақшалай қаражаты мен жер учаскелерін иемденген. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 95 млн теңгені құрайды.
Грузия халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын экстрадициялады
Қылмыстық әрекеттерінен кейін күдікті заң алдында жауап беруден жалтарып, жасырынған. Осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған.
Кеден саласында лауазымын асыра пайдаланған Қазақстан азаматы Испаниядан экстрадицияланды
Кейін күдікті Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Қазақстанға қайтарылды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.
Қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес, айып тағылған әрекеттер үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.