Елорда • Бүгін, 12:57

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада қыс басталғалы коммуналдық қызмет күшейтілген тәртіпте, тәулік бойы жұмыс істеп келеді. Қар күреу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қала әкімдігінің мәліметінше, өткен түнде Астанадан қар мен мұзды шығару жұмыстары қарқынды жалғасты. Қар полигондарына 3 154 ауыр жүк көлігінің рейсімен 51 мың текше метрден астам қар мен мұз жеткізілді.

23 ақпан күні таңертең қалада қар тазалау жұмыстарына 1 946 арнайы техника мен 3 041 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады, кейін орташа қарқынды аймақтар – аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар тазаланады.

Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қыс маусымы басталғалы бері қаладан қар полигондарына 390 584 рейспен 5 787 942 текше метр қар шығарылған.

Тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдарға және тротуарларға техникалық тұз себу жұмысы да тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Астана әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға және қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауға шақырады.

Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған

Соңғы жаңалықтар