Президент • Бүгін, 15:08

Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады

Фото: Ақорда

Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.

Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдағанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ Президент Жапония Императорының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Соңғы жаңалықтар